Бокс • 16 Сәуір, 2024

IBA-ның чемпиондар түні

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 сәуірде Алматыда кәсіпқой бокстан «IBA-ның Чемпиондар түні» деп аталатын халықаралық турнир өтеді. Басты жекпе-жекте еліміз­дің даңқты боксшысы Данияр Елеусіновтің Өзбекстан өкілі, әлем чем­пионатының күміс жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы Саиджамид Джафаровпен күш сынасуын жанкүйерлер асыға күтіп отыр.

IBA-ның чемпиондар түні

Аталған жарыста тағы да кімдер­дің шаршы алаңға шығатыны бірте-бірте анықталып жатыр. Әлем және Азия­ның екі дүркін чемпионы Темір­тас Жүсіпов (аса жеңіл салмақ) арме­ниялық Рудольф Гарбоянмен қолғап түйіс­тіреді. Кәсіпқой рингте 19 кездесу өткізіп, 18 рет жеңіс тойын тойлаған Бек­ман Сойлыбаев (бірінші жартылай ор­та салмақ) Моңғолияның өкілі, әске­рилер арасындағы әлем біріншілігінің фи­налисі, Азия чемпионатының жеңім­пазы Хархуу Энх-Амармен айқаса­ды. Құрлықтық деңгейдегі жарыс­тарда қола медальды мойнына ілген Сағындық Тоғамбай (аса ауыр салмақ) Түрікменстан алыбы Давлат Бол­таевпен жұдырықтасады. Бұл бәсе­келердің барлығы да алты раундқа есептелген.

Сегіз раундтық сайыста кәсіпқой рингте біраз тәжірибе жиған Талғат Шәйкен (орта салмақ) ресейлік Юрий Осиповпен шеберлік байқа­сады. Смоленск облысының тумасы өз елінің ішкі біріншілігінде үш рет жүлделі орын­ды иеленіп, Бүкіл­ресейлік спар­такиадада топ жар­ған. Әлем чемпио­наты мен Азия ойын­дарының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл (жар­тылай ауыр салмақ) Ресейдің тағы бір өкілі Магомед Ма­диевпен ше­берлік байқасады. Авар ұл­тының өре­ні осы күнге дейін 18 жекпе-жек өті­зіп, 15 рет басымдық таныт­ты. Әлем чемпионы Бекзат Нұр­дәулетов (бірін­ші ауыр салмақ) Доминикан Рес­публикасынан келген боксшы Луис Антонио Техедамен айқасады.