Айбын • 16 Сәуір, 2024

Шымкент: сарбаздар қызметін аяқтады

145 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында сарбаздарды шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бір күні бірден 160 сарбаз әскери бөлім ұжымымен қоштасып, үйлеріне қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент: сарбаздар қызметін аяқтады

Бөлімнің дерлік барлық жеке құрамы саптық алаңда жиналып, 12 ай абыроймен қызмет еткен жігіттерге «алғысын» айтты.

«Бригада түзел! Тік тұр! Ортаға, сап түзе», деді мерекелік іс-шараны бастаған штаб бастығы-бөлім командирінің орынбасары, подполковник Айдос Исаев.

Штаб бастығының командасынан кейін ту ұстаушылар тобы мен құрметті қарауыл взводы саптық алаңға бөлімнің жауынгерлік туын алып шықты. Енді «қызметін аяқтаған жігіттер» үшін бұл сәт ерекше жағымды болды. Салтанатты бөлімнен кейін жауынгерлердің айтуынша, олар бір жылда нағыз бауырдай болып қалған адамдармен қоштасудың ауыртпалығын, осы кезде ғана сезініпті.

Бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин қызмет барысында сарбаздардың жетістіктері мен әскери тәртібін атап өтті, өткен бір жыл ішінде барлық сарбаздар өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарғанына алғыс айтты. 

«Соңғы он екі ай ішінде Сіздер елге бар күштеріңізді, білімдеріңізді бердіңіздер. Мен үлгілі тәртіп пен шыдамдылық көрсеткен барлық сарбазға ризамын. Сіздерді тәрбиелеген ата-аналарыңызға бөлек алғыс айтқым келеді. Барлығыңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін», деп атап өтті бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин.

Бір жағынан қуаныш, бір жағынан күрсініс сезімдерін аралас көтерген сарбаздар, бөлімнің саптық алаңынанан соңғы рет шерумен өтіп, құжаттарын, грамоталары мен сипаттамаларын алу үшін командирлеріне жақындады.

«Осы жолдан өткеннен кейін мен отбасының ғана емес, уақыттың, шынайы достықтың қадірін түсіндім. Мен дәл осы әскери бөлімде қызмет еткенімді мақтан тұтамын», деп бөлісті қатардағы жауынгер Бағжан Ділдахан. 

Офицердің қол алысуы, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар. Мерзімді қызмет өтті, тек әскери ғана емес, сонымен қатар кәсіби маман ретінде де үлкен тәжірибе қалды. 

Мерзімді қызметте бір жыл ішінде сарбаздар көптеген оқу-жаттығу атыстарын және дабыл бойынша көтерулерін орындады. Күн сайын жігіттер рухты ғана емес, денені де шыңдады. Олар ҰБТ-сыз жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды, ал қызметте үздік нәтиже көрсеткендерге жоғары білім алу тегін ғана емес, грант бойынша оқуға мүмкіндік беріледі.