![Атырауда Жайыққа түсіп кеткен жылқы құтқарылды](/media/2024/04/16/crop-3_6_238x396_b1ac4234-6236-42e0-ac59-fd05defbcf50.jpg)
Фото: Видеодан скриншот
Бұл туралы тұрғындар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 11:48-де хабар берген.
«Атырау қаласының «Тұрғындар қалашығы» шағын ауданында жылқы Жайық өзеніне түсіп кеткен. Мұны көрген тұрғындар құтқарушыларды көмекке шақырды. Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы санаулы минутта оқиға орнына жетті. Олар арнайы құтқару арқанын пайдаланып, жылқыны жағалауға шығарып алды», делінген департаменттің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.