Пікір • 16 Сәуір, 2024

Қоғам күткен құжат

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйел құқықтарын және бала қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заңға қол қойды. Бұл құжат негізінде 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілік қатаңдатылды.

Қоғам күткен құжат

Фото: aikyn.kz

Бүгінде қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті екені айқын. Бас прокуратураның мәліметінше, елімізде жыл сайын абьюзерлердің қолынан кемінде 80 әйел қаза табады, күнделікті құқық қорғау органдарына тұрмыстық-зомбылық фактілері бойынша 300-ге жуық арыз келіп түседі. Былтыр құқық қорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түскен. Сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде де күнделікті осы проблемаға қатысты түрлі жағдай мен құқық бұзушылық фактісі туралы ақпарат та тарап жатады.

Бұған қоса аталған заңды Сенат­та талқылау кезінде 154 мыңнан аса отбасындағы зорлық-зом­бы­лық үшін жазаны күшейту жөнін­дегі онлайн петицияға қол қойды. Бұл өз кезегінде қоғамда аталған мәселеге қатысты ерекше назар аударылып отырғанын байқатты. Сол себептен заңда көрсетілген өзгерістер қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ адам құқықтары бірінші орында екенін дәріптеу аясында қоғамдағы қатынастардың жаңа заманауи моделін қалыптастыруға әсерін тигізуге тиіс. Сонымен бірге маңызы жоғары отбасы институтын нығайтуға және кәмелет жас­қа толмағандардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге үлесін қосуы қажет.

 

Дулат ӨТЕҒАЛИ,

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы