Қоғам • 17 Сәуір, 2024

Республикалық маңызы бар 11 автожол жабық тұр

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 сәуірдегі жағдай бойынша 5 облыстағы республикалық маңызы бар 11 автоможолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық маңызы бар 11 автожол жабық тұр

Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, ауа райының жылынуы мен қардың еруі салдарынан Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарындағы 8 жол жүру учаскесінде су тасқыны болған.
«5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды», делінген «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарламасында.

Қазір республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам қарғын сумен күресіп жүр.