Әлем • 17 Сәуір, 2024

Әлемдегі ең бай адамдардың қатарында қанша қазақ бар?

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2023 жылы әлемдегі бай адамдардың саны 42 пайызға өсіп, 626,6 мың адамға жеткен. Knight Frank тәуелсіз консалтингтік компаниясының болжамы бойынша, 2028 жылдың соңына қарай олардың саны тағы 28,1 пайызға өсіп, 802,9 мың адамға жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең бай адамдардың қатарында қанша қазақ бар?

Фото:ranking.kz

Knight Frank компаниясының зерттеуіне қарағанда, дәулетті адамдардың басым бөлігі Солтүстік Америкада тұрады: 253,1 мың адам,  бір жыл бұрын статистикаға қарағанда 7,2%-ға көп. Ал Азия мен Еуропада бай адамдардың саны біршама өскен: 165,4 мың және 155,2 мың адамды құрайды. Одан кейінгі орында Таяу Шығыс (18,8 мың адам), Аустралия (17,9 мың адам), Оңтүстік Америка (13,2 мың адам) және Африка (3 мың адам).

Айта кетейік, Бельгия, Сауд Арабиясы, БАӘ және Ресей бойынша статистика есепте қамтылмады. 

1

Елдер бойынша аса бай, дәулетті адамдардың басым бөлігі АҚШ-та тұрады, олардың жалпы саны - 225,1 мың. Одан кейінгі орында Қытай - 98,6 мың адам. Бұл екі ел әлемдегі ең бай адамдардың жартысынан астамын құрайды.

Дәулетті адамдардың саны ең көп бес елдің қатарына Германия (29 мың адам), Канада (27,9 мың адам) және Франция (24,9 мың адам) кірді.

2

Айта кетейік, Қазақстан Knight Frank компаниясның есебіне енген жоқ, десе де Forbes World's миллиардерлерінің 2024 жылғы жаңартылған рейтингінде алты Қазақстан азаматы көрінді. Вячеслав Ким алғаш рет 5,8 миллиард доллар байлығымен Қазақстанның ең бай адамы атанды. Одан бөлек, Қазақстанның ең бай азаматы атағына Тимур мен Динара Құлыбаевтар (әрқайсысы 5 миллиард доллар), Тимур Турлов (3,3 миллиард доллар) және Болат Өтемұратов (2,7 миллиард доллар) ие.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті