Аймақтар • 18 Сәуір, 2024

Ақтөбеде балаларды емдеуге жиналған 30 млн теңгені заңсыз иемденген күдікті ұсталды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының полициясы балаларды емдеуге жинаған ақшаны заңсыз иемденді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде балаларды емдеуге жиналған 30 млн теңгені заңсыз иемденген күдікті ұсталды

Полицияға Ақтөбе қаласының бірнеше тұрғыны «More life» қорының өкілдеріне қатысты арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, қор директоры емделуге қаражат жинауға көмек көрсетемін деген сылтаумен ақшаны заңсыз иемденген. Қылмыстық іс бойынша алты жәбірленуші өтіп жатыр, азаматтардан жиналған қаржы 30 млн теңгеден асты.

Бір жағдайда, 2023 жылы қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында келісім жасалған.

Қажетті соманы жинағаннан кейін қор ата-ананы баласымен бірге емдеуге Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз жіберген. Қор әртүрлі сылтаулармен ақша аударымын жібермеген. Салдарынан бала тиісті ем қабылдамаған, ал ата-анасы бөтен елде көмексіз қалған.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары аясында тергеу әрекеттерін жүргізу үшін халықаралық тапсырмалар жолданды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті аталған қордың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын дереу полицияға хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025