Қоғам • 18 Сәуір, 2024

21 мыңға жуық адам тасымалданды

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК су басқан өңірлердің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіруге септігін тигізіп жатыр. Атырау – Құлсары – Атырау, Құлсары – Маңғыстау бағыттары бойынша 12 мың адам өтеусіз негізде жолаушылар пойыздарымен тасымалданды. Тағы 2 мыңнан аса жолаушы Атырау – Маңғыстау, Атырау – Алматы, Атырау – Астана бағыттары бо­йынша қосымша вагондармен жеткізілді.

21 мыңға жуық адам тасымалданды

Фото: sknews.kz

Қосымша пойыздар Орал – Қызылорда, Атырау – Қарағанды, Алматы – Атырау бағыттары бойынша жүреді. Бұл 2 мыңнан аса жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. Су тасқынынан зардап шеккен аудандардан 500 баланы емдеу-сауықтыру орталықтары мен балалар лагерьлеріне тасы­малдау ұйымдастырылды.

ҚТЖ облыс әкімдіктерімен, Қорғаныс және төтенше жағдайлар министрліктерімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Пойыздармен авариялық-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін 4 мың құтқарушы, әскери қызметші тасымалданды. Бұған қоса теміржолшылар ауыр автомобиль техникасын тасымалдауға арналған вагондарды ұсынды. Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларына 400-ден аса көлік жеткізілді. Су басу орындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін по­йыздар құрамындағы вагондар бөлінді. Арнайы техника мен гуманитарлық көмекті тасымалдау – ерекше бақылауда.

ҚТЖ жастары зардап шеккендерге көмек көрсету, гумани­тар­лық жүк жинау үшін еріктілер қозғалысын құрды. ҚТЖ-да жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Теміржолдың барлық күші мен құралы жоғары дайындықта. Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізу арқылы теміржол инфрақұрылымы зардап шеккен жоқ, пойыздар қозғалысы кесте бойынша жүріп жатыр. Магистралда шайып кетуге қарсы 45 пойыз бар, тәулік бойы кезекшілікте 47 өрт сөндіру пойызы бар.

Соңғы жаңалықтар

Тау-кен ісінің дамуына не кедергі?

Экономика • Бүгін, 10:48