Спорт • 18 Сәуір, 2024

Париж олимпиадасына аттанатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен отырыста Туризм және спорт министрлігінің өкілі ел спортшыларының Париж олимпиадасына киетін киім үлгісін таныстырды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Париж олимпиадасына аттанатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың мәліметінше, арнайы комиссияға 15 ұйымнан өтініш келіп түскен. 

Азия ойындарындағы спортшылардың киім сапасына келіп түскен шағымдардан кейін осы жолы формаға ерекше назар аударылған. Олимпиада ойындары кезінде Франция астанасында 40 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал. Сондықтан сарапшылар парад үлгісіндегі киімдерді ыңғайлы матадан әрі жеңсіз тігуді ұйғарған.

«Ең бірінші нұсқа — Ту ұстап шығатын Асланбек Шымбергенов пен Надежда Дубовицкаяның киімі. Екеуі де ұлттық нақышта тігіледі. Ер адамның киімінде бөрік болса, қызда сәукеле бар. Ер спортшылардың басында тақия, қыздар формасының бір үлгісінде шалбар, екінші нұсқасында белдемше болады. Екі нұсқасы да қарастырылған», деді Ербол Мырзабосынов.

дд

Комитет басшысы ел спортшылыарының киім үлгісі марапаттау рәсімінде киетін топтамамен толыққанын атап өтті. Жаңа топтаманың да ер және әйелдерге арналған нұсқасы қатар тігіледі.

«Спортшыларға ыңғайлы болу үшін шетелдік бренд Joma-дан толық 16 нұсқалы киім алып береміз. Оны спортшылар жолда, дайындық кезінде киеді. Бұл - сапалы киім тігетін халықаралық бренд. Азия ойындарының қорытындысы бойынша, спортшылардың талап-тілектеріне талдау жасап, соның негізінде халықаралық брендке тапсырыс бердік. Спортшылардың формасы демеушілердің есебінен тігіледі. 15 нұсқадан осы үлгі таңдап алынды. Енді тіге бастаймыз», деді Ербол Мырзабосынов.

АА

Айта кетсек, арнайы форма спортшыларға төртжылдықтың басты аламанына 35 күн қалғанда үлестіріледі.