Ғылым • 19 Сәуір, 2024

Агрокәсіпті жеңілдетеді

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан ғалымдары жасанды зерденің көме­гі­мен агро­саланы қазіргіден 60 пайызға өнімді етудің жоба­­­сын ұсынды.

Агрокәсіпті жеңілдетеді

Ғалымдар спутниктік түсі­рі­­лімдерді агросалаға бейім­деу арқылы алқап­тағы мәселелерді көрсететін әдіс ойлап тапқан. Мысалы, 1 мың гектарды диқан көзбен көре алмайды. Ал ғалымдар әдісі оның әрбір бұрышын анық көрсетіп береді. Мультиспектрлі дронды дәлдік үшін пайдаланады. Белгілі бір бұрыштан және биіктіктен суретке түсіреді. Ұшу кезінде олар өсімдіктердің даму динамикасын көре алады. Суреттер арқылы олар есептеу үдерісін жеңіл жүргізеді. Айталық, егер мәні -1 болса, онда бұл су. 0,3 – өсімдік әлсіз немесе ауру. Егер 0,6 болса – өсімдіктің денсаулығы қалыпты. Егер индекс 0,6-дан үлкен болса, онда өсімдік сау. Индекстер өсімдіктердің әлсіз дамуын көрсететін жерде агрономдар агрохимиялық талдау жүргізіп, бағалайды, тыңайтқыштар туралы кеңес айтады. Түсінікті болуы үшін айта кету керек, өсімдік индекстерін есептеу үлкен егістіктерге пайдалы. Ондай алқаптарда фермер жүре алмайды, қиынға түседі. Ал дрон ұшып, ғалымдарға есептеуге қажетті суреттерді түсіреді. Деректер дереу серверге жіберіліп, онда бағ-дарлама деректерді өңдейді. Ал агроном фермерге қай бөлікке назар аудару керектігі туралы кеңес береді.