Кино • 18 Сәуір, 2024

«Қанышпен» қауышу

109 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада көрнекті геолог-академик Қаныш Сәтбаев туралы толықметрлі фильмнің арнайы көрсетілімі өтті. Көркем туындыда ғалымның өмірі мен еңбек жолы баяндалады. Сонымен қатар ел басына күн туған нәубет кездеріндегі азаматтық бейнесі көрсетіледі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясының негізіндегі толықметрлі фильмді, енді еліміздің барлық кино­театрынан тамашалауға болады.

«Қанышпен» қауышу

Көрсетілімнің алғаш­қы құт­­тық­тау сөзін Мәде­ниет және ақпа­рат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейіто­ва жеткізді. Бұған қоса, мемлекет тарапынан алдағы елуден аса ірі мәдени жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. «Қаныш» тарихи фильмі де осы ауқымды іс-шаралардың – бірі.

Фильм режиссері Ерлан Нұр­мұ­хамедовтің айтуынша, басты рөлді ойнайтын актерді таң­дау оңайға соқпаған. «Қаныш сан қырлы тұлға. Оның ғалым­ды­ғы­мен қатар шешендігі, әншілігі де – бір төбе. Ал тарихи, әдеби мұра­мызға қосқан үлесі орасан. Сондықтан біз де Сәтбаев сәуле­­лерін жан-жақты көрсететін актер­ді іздедік. Әсет Есжан – біз­дің ең сәтті таңдауымыз», деді ол.

«Қанышты сомдау – маған жауап­­кер­шілік жүктеді. Алып тұл­ға­ны мемлекеттік қайрат­кер,­ көр­некті ғалым деп таны­­ға­­нымен, оны ең әуелі ұлтын шексіз сүйген қазақтың пер­зенті етіп көрсеткім келді. Осы орайда Қаныш туралы қисап­сыз еңбек қалдырған жазушы Медеу Сәрсеке ағамыздың рухына тағзым етеміз», дейді Әсет Есжан.

Фильм продюссері Айгүл Байбек көркем туындының жас буынға игі әсерін айта келіп, қоғам­ның жақсылыққа бет бұры­сына ықпал ететі­нін жеткізді. Бұған қоса тари­хи фильмді қар­жы­лай қол­да­ған демеушілерге риза­шы­лы­ғын білдірді. Айта кете­йік, ­сериал мен фильмді жа­­сауға «Eurasian Resources Group» пен «Қазақмыс» холдингі қар­­­жы­­лық қолдау көрсеткен бола­­тын.

Бұған дейін көркем туын­ды бірнеше халықаралық бай­қау­­да жеңімпаз атанған. Атап айтсақ, 2022 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен фес­тивальда «Үздік фильм» жүл­­­десін жеңіп алса, былтыр «Үздік азия­лық көркем фильм», «Үздік кон­цепция», «Қоршаған орта туралы үздік көркем фильм»­ сынды үш бірдей ата­лым­мен марапатталды.