Қылмыс • 19 Сәуір, 2024

«Миллиондарды жеке қажеттіліктеріне жұмсаған»: Қостанай облысында бухгалтер ұсталды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қамысты аудандық сотында қызмет бабын пайдаланып, біреудің сеніп тапсырылған мүлкін ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған бухгалтерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта өзінің қызмет бабын пайдаланған бухгалтер-кассирдің кәсіпорын кассасынан 8 600 000 теңгеден астам қолма-қол қаражат алғаны анықталды. Ол бұл ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Бухгалтер өз кінәсін толық мойындады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Миллиондарды жеке қажеттіліктеріне жұмсаған»: Қостанай облысында бухгалтер ұсталды

Фото: pixabay.com

Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 3 жыл мерзімге ұйымдарда бухгалтерлік есепті орындауға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 4 ай мерзімге түрмеге қамауды сұрады.

Оның қылмыстық құқық бұзушылықтары куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен расталды.

Сот бухгалтердің қылмыстық жауаптылығын және жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін және кішкентай балаларының болуын ескерді.

Іс бойынша жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Нәтижесінде, сот айыпталушыға қатысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады. Сондай-ақ сотталушы 4 жыл мерзімге бухгалтерлік есеп және кассир лауазымдарын атқару құқығынан айырылды.

Залалды ішінара өтеуді ескере отырып, азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.