![Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін Ақордада қарсы алды](/media/2024/04/19/a27d1a60-9a48-474b-837c-b643ea442d0d.jpg)
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына өтті.