Мәдениет • 19 Сәуір, 2024

Алтынбек Қоразбаев пен Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтынбек Қоразбаев пен Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды

Фото: gov.kz

Салтанатты іс-шара барысында Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау ғасырларға ұласқан достықтың, ортақ мәдениеттің, дамып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі екенін айтты.

Қазақстанның белгілі композиторы Алтынбек Қоразбаевқа, танымал эстрада әншісі, киноактриса Роза Рымбаеваға «Қырғыз Республикасының Халық әртісі» құрметті атағы берілді.

 

Сондай-ақ Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығымен Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін:

  • «Данакер» орденімен - қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, ақын Мұхтар Шаханов;
  • «Достук» орденімен - публицист, әдебиеттанушы, журналист, киносыншы Сауытбек Әбдірахманов, мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбеков, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейт Түймебаев Қансейітұлы;
  • «Даңк» орденімен - Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова;
  • «Даңк» медалімен - «Таң-Шолпан» көркем-әдеби журналының редакторлар кеңесінің төрағасы, бас директоры Дидар Құлкенов марапатталды.

з