Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Судья Айжан Құлбаеваны қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы Сот Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановтың ісі бойынша судья А.Құлбаеваға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Судья Айжан Құлбаеваны қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: видеодан алынған кадр

Анықталғандай, судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.
«Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», делінген Жоғарғы Соттың мәлімдемесінде.

Судья Айжан Құлбаева жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Одан бөлек әлеуметтік желілерде судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар жағымсыз жарияланымдар анықталғаны хабарланды.

 
«Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр. Судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды.