Фото: Polisia.kz
20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында тұрғын үйден өрт шықты.
«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмекке келді. Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыптанып қалған 2 қарияның пәтеріне есікті бұзып кіріп, қауіпсіз жерге шығарып үлгерді», делінген Атырау облыстық полиция басқармасының хабарламасында.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.