Фото: Lada.kz
Lada.kz хабарлағандай, оқиға тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда әйелдің айқайлағаны мен балалардың жылаған дауысы қатар естіледі.
Видеода ер адам әйелінің қолын бұрап, күштеп аузын жауып тұрғанын көруге болады.
Қастарына адам келгенде ол күш көрсетуін тоқтатқан сыңай танытқан. Кейін әрекетін қайта жалғастырған.
Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті видеоға қатысты түсініктеме беріп, ер адам іздестіріліп жатқанын хабарлады.