Білім • 23 Сәуір, 2024

Орталық Азиядағы оң нәтиже

92 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«QS World University Rankings by Subject 2024» халықаралық пәндік рейтингі жарияланды. Оның нәтижесі бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдік үздік 50 жоғары оқу орнының тізіміне енді.

Орталық Азиядағы оң нәтиже

Фото: satbayev.university

Халықаралық пәндік рей­­тинг бойынша­ бар­лығы 149 елден бес мыңға жуық әлемдік уни­вер­си­тет­тің көрсеткіштері талдан­ды. Ха­лықаралық жоғары оқу орын­да­рында оқытылатын пән­­д­­ердің сапасын британ­дық «Quacquarelli Symonds» агенттігі бағалады. Оның нәтижесі бойынша Еуразия ұлттық университеті жоғары көрсеткіштерді бағын­ды­румен қатар, рейтингтегі өкіл­дігін 20 пәнге дейін кеңейтті. Еліміздің жетекші университеті 17 пәндік және 3 салалық рейтингте ұсы­­нылған. Солардың ішінде «Қо­нақ­­жайлылық және демалыс­ты ұйым­­дастыру» бағытында ре­корд­тық нәтиже көрсетіп, 2253 уни­вер­ситет арасында үздік 50 жо­ға­­ры оқу орнының қатарынан кө­рін­­ген. Айта кетейік, бұл – Орта­­лық Азия бойынша ең жоға­ры көрсеткіш. Сондай-ақ оқу ор­дасы 5 пән бойынша алғашқы жүз­дікке енді. Олар: «Ағылшын тілі мен әдебиеті», «Заманауи тіл­дер», «Лингвистика», «Өнер және дизайн», «Қонақжайлы­лық және де­ма­лысты ұйымдастыру» пәндері.

«Отандық жоғары оқу орын­­­­да­рының пәндік рей­тинг­тер­­дегі орындары санының қы­рық бірден елу жетіге дейін және салалық рейтингтердегі тоғыздан онға дейін өсуі – ай­тар­лықтай үлкен нәтиже. Жаңа тізімнің бірінші жүз­ді­гінде бірқатар пәндер бойын­ша өкілдіктің кеңеюі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үздік елу пән бойынша көш бастауы, Мұхтар Әуезов атын­дағы Оң­түстік Қазақстан уни­вер­ситетінің жарияланған рей­тинг­тердегі дебюті және басқа да бірқатар маңызды жетістік – басшылардың, профессор-оқытушылар құрамы мен қыз­­мет­керлердің кәсібилігін көр­сетеді», деді QS өңірлік директоры Сергей Кристолюбов.

Пәндік рейтингте универ­ситеттің академиялық сарап­шылар мен жұмыс беру­шілер арасындағы беделі, ака­демиялық зерттеулердің дәйексөздері, халықаралық зерттеу желісінің индексі бо­йынша бағаланады. Көптеген сала бойынша Еуразия ұлттық университеті бірнеше сатыға жоғары көтеріліп, өткен жылғы нәтижелерін жа­ңарт­ты. Атап айтсақ, «Тіл бі­лі­мі»­ бойынша 94-тен 69-орын­ға, «Заманауи тілдер» – 88-ден 84-орынға, «Техника және техно­логия» саласы бойынша 200 орын­ға алға ілгерілеген. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда «Археология», «Өнер және дизайн», «Ағылшын тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Қазіргі тілдер», «Экономика және эконометрика», «Инженерия және технология» пәндері бо­йынша көрсеткіштер едәуір жоға­рылаған. Алғаш рет әлем­дік рейтингке «Білім», «Әлеу­меттану» және «Электрлі және элек­трон­дық инженерия» пәндері кірді.

Айта кетейік, Еуразия ұлт­тық университеті 2017 жылдан бас­тап QS пәндік рейтингте бақ сынап келеді. Әр жыл сайын үздік нәтижелер көрсетіп жүрген оқу ордасы еліміздегі университеттер арасында QS пәндік рейтингісінің үздік жүздігінде көш бастап тұр.