Жәдігер • 22 Сәуір, 2024

Абылай заманының жәдігерлері

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Бұқар жырау атын­дағы әдебиет және өнер музейінде Абылай хан заманына қатысты жәдігерлер таныстырылды. Жұртшылық көшпелі көрмеден Абылай хан резиденциясының макетін, Абылайдың мөр сақинасы мен сол заманда батырлар ұс­таған соғыс қарулары мен сауыт-сайманды, дулы­ғаларды тамашалады.

Абылай заманының жәдігерлері

Солтүстік Қазақстан об­лы­­­сын­дағы «Абылай хан ре­зиденциясы музей ке­шенінде» ұлы ханның зама­нына қатысты көптеген тарихи жә­дігер сақталған. Азаттық күрестің баһа­дүрі, қазаққа ұлы хан боп өткен Абылай ханның мұралары Ертістің Павлодар өңірінде алғаш рет көрсетілді.

Көшпелі көрмені бастап келген «Абылай хан резиденциясы музей кешенінің» директоры Аян Садаев мекемеде жалпы саны 500-ден астам экспонат барын жеткізді.

чсм

«Абылай заманына қатысты со­ғыс қару-жарағы, тарихи құжаттар, эт­но­графиялық бұйымдар көп. Бү­гінгі көшпелі көрмеге солардың не­гізгілерін ғана әкеліп отырмыз. Бұл жә­дігерлердің көбі сол заманның үлгісі­мен жаңадан жасалған бұйым­дар екенін байқап отырған боларсыздар. Қаламызда Виктор Жаворонков есімді шебер азамат бар. Оған тапсырыс береміз. Ұста бұйымды жасамас бұрын оның тарихи негізін зерттеп, мағлұматтар жинайды. Нәтижесінде, өте керемет туындылар жасап шы­ғарды. Ал кейбір жәдігерлерді «Му­зейге сыйлық» акциясы аясында жергі­лікті жұртшылық әке­ліп тапсырды», дейді ол.

Көрмеде Абылайдың ақ үйінің үлгісі, ханның мөр сақинасының көшір­месі, зұлпықар қылыш, қазақ батыр­ларының сауыт-сайманы мен семсер, найза, шоқпар, қылыш, айбалта, күрзі, акинак, сирақты мыл­тық сияқты соғыс құралдары, сол ке­зеңдегі дипломатиялық хаттар мен архивтік құжаттардың көшір­мелері, тағы да басқа көптеген жәдігер ұсы­нылды.

 

ПАВЛОДАР