Руханият • 23 Сәуір, 2024

Астанада жаңа тарихи кітаптардың тұсаукесері өтті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, ғалым, профессор Дархан Қыдырәлінің қырғыз тілінде жарық көрген «Мұстафа», «Абыздар Аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және «Ташка Жазылган Тарых» кітаптарының тұсаукесері өтті. Салтанатты іс--шараға Қазақстанның  зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото:ҚР Сенат

15

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынылған кітаптардың ұлттық бірегейлікті сақтауда тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, сиясы кеппеген жаңа кітаптар бірегей тарихи мәліметтер мен мұрағат материалдарын жан-жақты қамтыған.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде Қазақстанның жаңа академиялық тарихын жазу бағытында мақсатты жұмыстар қолға алынды. Отандық ғалымдар мен тарихшылар көне заманнан бүгінге дейінгі кезеңді қамтитын жеті томдық еңбекті әзірлеп жатыр. Көптомдықтың басты мақсаты – тәуелсіздігіміздің тарихын терең ұғынып, тарихымызды объективті түрде қабылдауды қалыптастыру. Осының барлығы бүгін тұсауы кесілген «Мұстафа», «Абыздар Аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және «Ташқа жазған тарих» кітаптарындағы идеялармен тығыз астасып жатыр», деді Мәулен Әшімбаев.

558588

Сондай-ақ іс-шарада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жазушылар мен журналистер сөз сөйледі.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті