Спорт • 23 Сәуір, 2024

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының үздік үштігін түйіндеді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қыз-жігіттері Түрікменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының үздік үштігін түйіндеді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Осыған дейін аталған чемпионаттың жекелей сайысында Ғалия Тынбаева, Есмигүл Құйылова мен Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанған еді. 

Айта кетсек, Азия чемпионаты жеңімпаздарына рейтингте 700 ұпай, күмістен алқа таққандарға 490 ұпай, үшінші орын алған дзюдошыларға 350 ұпай қосылды.

Сондай-ақ қоладан қағылған екі дзюдошы 250 ұпайға қол жеткізді.