Оқиға • 23 Сәуір, 2024

Алматыда полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицияның патрульдік көлігі маневр жасап, автобус жолағында келе жатқан мопед жүргізушісін қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы Жетісу ауданында болған. Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға бара жатқанда, белгіленген ережелерге сәйкес қатаң түрде бұрылу маневрін жасады, алдын ала жарқыраған маяктарды қосты. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне тоқтап, жол берді. Алайда сол уақытта қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүрген мопед жүргізушісі заң талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысты. Ол медициналық көмектен бас тартты. ЖКО фактісі тіркелді. «Chevrolet» патрульдік көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жіберіледі», делінген қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.