Фото: видеоскрин
Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, әскери міндетті азаматтарды 20 сәуірде жағалауды бекітуге шақыру басталған.
«Аумақтық қорғаныс батальонының бригадасына Атырау қаласы мен 7 ауданнан әскери міндетті 78 азамат шақырылды. Оларға Атырау қаласындағы Жайық өзенінің оң жағалауы бөлініп берілді. Бұл аумақта бұрын еріктілер бөгет көтерген еді. Қазір әскери міндетті азаматтар сол бөгетті биіктету, нығайту жұмысына жұмылды. Олар 29 сәуірге дейін бөгетті бекітуді жалғастырады», деді батальон командирі Руслан Спанов.