Фото: Видеоскрин
Желіде тараған видео кадрларында ер адамның ойын алаңында алкогольдік ішімдік ішіп, кейін жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, зат лақтырып, кейін қашып кеткенін байқауға болады.
Lada.kz сайтының жазуынша, өрескел әрекет 23 сәуір күні сағат 07:00-де жасалған. Ер адамның жеке басы да анықталды.
«Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны анықтады, оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша хаттама толтырылды», делінген департамент хабарламасында.