Білім • 26 Сәуір, 2024

Талапты оқушылардың табысы

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітап­хана­сында болашақ ғалымдар жобаларының таныстырылымы өтті.

Талапты оқушылардың табысы

Таныстырылымда С.Аман­­­­­­жо­лов атындағы Шы­ғыс Қазақстан уни­вер­ситеті­нің физика және техно­логия­лар кафедрасының сту­денттері өз­дерінің ғылыми жоба­ларын ұсынды. Жастар өз идея­ларын, зерттеулерін қорғады. Мұнда Герон субұрқағы, астрономиялық мұражай жобасы, үйде барометр жасау, лито­терапия жобасы, жеке үйді қашықтықтан басқару секілді тың дүниелер ұсынылды.

п

Сондай-ақ ең жас зерт­теу­ші­лер де өз ғылыми жобалары мен шы­­ғармашылық жұмыстарын ұсын­ды. Атап айтсақ, Күршім ауда­ны, Күршім ауылының №3 мек­теп-гимназиясы оқушы­лары көру қа­білеті бұзылған жандарға арнал­ған­ ультрадыбыстық біле­зік ұсын­­са, «Ахмер» орта мек­те­­бінің оқу­­шыла­­ры өсім­дік­тер­­ді өсіру­дің тиім­ді әдісі – гид­­­ро­­поника туралы айтып берді.

Президент еліміздің бо­лашағы техникалық ма­ман­дық иелерінде екенін бірнеше рет айтқан. Осы орайда айта кетерлігі, А.Пушкин атындағы кітапханадағы техникалық үйір­мелер мен шығармашылық алаңдары жас ұрпақтың ғы­лым­ға деген қызығушылы­ғын арт­тырып, ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі. Қазіргі талантты балалардың іші­нен Қаныш Сәтбаевтай дара тұлға шықпасына кім кепіл?

 

Өскемен