Сессияда бүкіл қоғамды – құтқарушылар мен еріктілерді, мемлекеттік қызметшілер мен бизнес өкілдерін, азаматтық белсенділері мен еліміздің барлық өңір жастарын біріктіру мәселесіне баса назар аударылды.
Су тасқынымен күреске қоғам белсенділері зор үлес қосты. Еріктілер зардап шеккендерге жәрдем беріп, гуманитарлық көмек жинау ісін ұйымдастырып жатыр. Бұл – отандастарымыздың ауызбірлігі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі. Ең бастысы, Президент зардап шеккендердің барлығына келтірілген залал өтеліп, бұл қиындықпен ешкім жалғыз қалмайтындығына сендіріп отыр. Ол үшін елімізде бюджет шығыстары қысқартылып, қаражатты үнемдеудің қатаң режімі енгізіледі. Ел тұрғындарының қалыпты өмірге мүмкіндігінше тезірек оралуы үшін мемлекет бәрін жасайды.
Александр УРМАШОВ,
Қарағанды облысы «Ассамблея жастары» ұйымы өкілдігінің төрағасы