Спорт • 28 Сәуір, 2024

Париж олимпиадасы: Ел қоржынына 48 жолдама түсті

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан қоржыны екі олимпиада жолдамасымен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Париж олимпиадасы: Ел қоржынына 48 жолдама түсті

Фото: спортты дамыту дирекциясы

 

Бұған дейін еліміздің еншісінде Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігі берілетін 46 жолдама бар еді. 

47 жолдаманы Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан саблямен семсерлесуден Әйкерім Сарыбай қоржынға салды.

Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.

Айта кетейік, аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады. 

Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

 Ал 48 лицензия стенд атудан бұйырды.

Эдуард Ещенко Дохада (Катар) өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол «скит» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. 

Ал шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. 

Бұған дейін «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко олимпиада жолдамасын иеленген еді.