Қылмыс • 29 Сәуір, 2024

Киберқылмыс: интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобы жойылды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Киберқылмыс: интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобы жойылды

Фото: polisia.kz

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтады.

«Министрлік қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды», деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Дәлірек айтсақ, Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылды. Киберқылмыскерлер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, Қазақстан азаматтарына қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысқан.

«Нәтижесінде 9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм «метадон» препараты тәркіленді. Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық таратылды. Қаскөйлер жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет-алаяқтық жасаған. Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ 200 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу және жедел-іздестіру амалдары жүргізіліп жатыр», деді ІІМ ресми өкілі.