Қоғам • 29 Сәуір, 2024

Алматы полициясы интернет-алаяқтардың суретін жариялады

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Полиция департаменті өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, халық сенімін пайдаланып, ірі көлемде қаржы ұрлайтын алаяқтардың суретін таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы полициясы интернет-алаяқтардың суретін жариялады

фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

«Алматы полициясы интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін ескертеді. Алаяқтар WhatsАpp мессенджерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін орналастырады. Кейін «ҚР ҰҚК кенеттен тексеріп жатыр» деген сылтаумен үшінші тұлғалардың шоттарына ақша аудару қажет екенін хабарлайды. Өкінішке қарай, бұл тәсілге алданып, қаражатынан қағылып жатқан адамдар қатары көбейіп барады», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов. 

Айта кетейік, соңғы кезде елімізде интернет-алаяқтық фактілері жиілеп барады. Полиция қызметкерлері ел азаматтарын қырағы болуға шақырады.