Таным • 30 Сәуір, 2024

Ғибратты ғадет

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лев Толстой – өмір бақи өзімен күресіп өткен жан. Пенделік мүсінінен кісілік қашалғанша, жазушы жаны маза таппаған. Күнделіктерінде өзін жермен-жексен етеді. Мұның бәрі, әрине, өзін тәрбиелеудің амалы. Ақылдың кермесіне ат байлаған ақсақалдың мына бір әдетін біз де үйренсек ғажап болар еді...

Ғибратты ғадет

Жазушының мынадай қызық әрекеті болыпты. Егер оның көзінше әлдекім біреуді «ақымақ», «оңбаған» деп балағаттай бастаса, «сенен де өткен ақымақ па?» яки «сенен де өткен оңбаған ба?» деп өзіне сұрақ қояды екен. Осы тәжірибесін ол өзінің балаларына да тәрбие ретінде қолданып отырған.

Кішкентай қызы Татьяна күні-бойғы қызықтарын айтып, соңында «сүйкімсіздеу» бір баланы көріп қалғанын жеткізгенде, әкесі ескі әдетінше анықтап: «Иә, сенен де сүйкімсіз бала ма екен?», деп сұраған екен.

Дүниенің ди­дарына қа­рап­ тұрсақ, сан мыңдаған дүмшелер адамдарды өзімшілдікке тәр­биелеп жатқанын байқауға болады. Осы арқылы кісі­лікті тәкәппарлықпен шатастырып алған­дар аз емес. «Өзгенің бәрін өзіндей көрген сәтте ғана, адам өмірін түсіне бастайды», дейді ілгерідегі данышпандар. Ештеңе түсіне алмай жүргеніміз осыдан болса керек...