Қазақстан • 30 Сәуір, 2024

«Пошта арқылы жеткен»: Ақтөбе тұрғыны шетелден есірткіге тапсырыс берген

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2024 жылдың ақпанында пошта жөнелтілімдерін пайдалана отырып, алыс шетелден Қазақстанға есірткі жеткізудің халықаралық арнасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Пошта арқылы жеткен»: Ақтөбе тұрғыны шетелден есірткіге тапсырыс берген

Фото: ҰҚК баспасөз

Ақпан айында «Қазпошта» бөлімшесінде жалпы салмағы 500 грамнан асатын каннабис есірткісі салынған сәлемдемені алған жергілікті тұрғын ұсталды.

Ал сәуір айында Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстау операциясы жүргізіліп, одан 2,5 келіден астам «мефедрон» психотроптық заты тәркіленді, бұл шамамен 10 мың бір реттік дозаны құрайды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті облыс тұрғынын есірткі заттарын сатуға мәжбүрлегені анықталды», деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Аталған тұрғындар соттың рұқсатымен қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті