АСТАНА. 9 қаңтар. Италияда жұмыссыздық деңгейі бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Қазір мұнда еңбекке жарамды жұрттың 13,4 пайызы жұмыссыз отыр. Аппенин түбегіндегі ИСТАТ ұлттық статистика институты сәрсенбі күні мұның 1977 жылдан бергі аралықтағы абсолютті жоғары нәтиже екенін жариялап үлгерді. Міне, жаңа жылдың басында бұл елде осылайша бұдан 38 жыл бұрын тіркелген рекордқа өзгеріс енгізіліп отыр.
Ал мұның алғы шарты өткен жылдың қараша айында байқала бастаған болатын. Сол кезде елдегі жұмыссыз адамдар саны 3,45 млн. адамға жетіп, көрсеткіш соның алдындағы қазан айынан 1,2 пайызға асып түскен еді. Осы күндері жұмыссыз жүрген жастар қатары тарихи тұрғыдағы ең жоғары мөлшерге көтеріліп кетті. Олардың 43,9 пайызы жұмыссыздықтың қамытын киюге мәжбүр болған. Осындай тенденцияның күшейіп келе жатқанына қатты алаңдаушылық білдірген итальян парламенті өткен жылдың соңында еңбек рыногына мейлінше қолайлы жағдай тудыруға бағытталған заңды мақұлдады. Соған қарамастан, бұл құжат ұлттық кәсіподақтар тарапынан ымырасыз наразылық туғызды.
Осының алдында ғана Еуропа парламенті Грекия, Италия, Польша және Франция елдеріне жұмыссыздықпен күреске көмек ретінде 35,5 млн. еуро қаржы бөлу жөнінде шешім қабылдады. Шешімге Страсбургте өткен пленарлық сессияда қол жетті. Ал қаражат парламент шешімін Еуропа кеңесі мақұлдағаннан кейін барып, Еуропаның жаһандануға бейімделу қорынан бөлінетін болады. Парламент депутаттарының айтуларынша, осының арқасында аталған мемлекеттер биліктері Еуропадағы жаһандану үдерісі мен экономикалық кереғарлықтардың зардаптарынан жұмыссыз қалған 6 мыңнан астам адамға нәпаха тауып бере алады.
Мұндағы әңгіме негізінен Парсы шығанағы елдері авиатасымалдаушылары тарапынан бәсекелестіктің күшейе түсуіне және отын бағасының күрт қымбаттап кетуіне байланысты жұмыстан шығып қалған француздың Air France авиакомпаниясының 3,8 мыңнан аса қызметкері туралы болып отыр. Осы үшін Франция үкіметі аталған қордан 26 млн. еуроға жуық ақша алады. Бұл Еуропарламенттің құрылғалы бері осындай мақсатты тірлікке беріп отырған ең көп сомасы болғалы тұр.
Әлем экономикасындағы қиындықтар сондай-ақ тұтыным сұранысының түсіп кетуіне де апарып соқтырды. Осының салдарынан гректің Odyssefs Fokas атты бөлшек сауда жүйесі сауда көлемін күрт кемітіп алып, 600 адамды жұмыстан шығарып жіберуге мәжбүр болды. Компания сондай-ақ грек банк жүйесіндегі проблемалардың салдарынан айтарлықтай ауқымда қаржылай шығынға батты. Нәтижесінде Афина Еуропа одақ қорынан 6,44 млн. еуро мөлшерінде көмек алатын болды.
Депутаттар сол сияқты Италияның терістігіндегі Тренто автономиялы провинциясында орналасқан тұрмыстық техникалар шығаратын Whirlpool зауытына 1,89 млн. еуро шамасында қаржылай жәрдем беруге ұйғарым жасады. Мұнда да сұраныстың түсіп кетуіне байланысты 600 адам жұмыстан шығып қалған. Бір жағы осының да әсер етуі салдарынан аймақта 2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызға дейін көтеріліп кетті. Мұндай қиындықтарды Польша кәсіпорындары да тартып жатыр. Соның бәрі – итальянның Fiat автомобильдерін шығаратын зауыт та сұраныстан қағылып, 1 мың адамды жұмыссыз қалдырды. Еуропарламент сондықтан зауыттан кеткен 770 адамды қайтарып әкелу үшін 1,26 млн. еуро бөлуге әрекет жасауда.
Жалпы, Еуропаның жаһандануға бейімделу қорының ақшалай жиынтығының көлемі 150 млн. еуроны құрайды. Ол жыл сайын толығып тұрады. 2006 жылы құрылған қор бәсекелестікпен күресте жеңіліс тапқан трансұлттық компаниялар мен жекелеген өндірушілерге көмек көрсетумен айналысады. Әдетте қоғамдастық елдері жұртты жұмысқа орналастыру мәселесін өз беттерінше тез шешіп отыруға ұмтылады. Содан кейін Еуропа одағының көмегіне жүгінеді.
Әйткенмен, бұл жолы басталған жұмыссыздық толқынының жуыр маңда қайта қалатын түрі көрінбейді.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: ras.kz.
Сурет: euromag.ru.
• 09 Қаңтар, 2015
Италияда жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

Олимпиадада төрешілік еткен Қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22