Қоғам • 03 Мамыр, 2024

Қазақстанда кім көп - әйел ме, ер ме?

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы осы жылдың 1 қаңтары мен 1 сәуір аралығында жүргізілген есеп бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда кім көп - әйел ме, ер ме?

Фото: Әлихан Сариев

1 сәуірдегі статистика бойынша, ел азаматтарының саны - 20 095 963 адам.

Жыл басынан бері ел азаматтарының саны 62 121, бір айда 20 692 адамға өсті.

Ел бойынша ең тығыз қоныстанған аймақтар қатарында Алматы (2 236 751 адам), Түркістан (2 143 693 адам) және Алматы (1 534 521 адам) облыстары тұр. 

1 сәуірдегі жағдай бойынша, Астанада 1 440 821 және Шымкентте 1 226 931 адам тұрады.

Миллионнан астам халқы бар облыстар ішінде Жамбыл (1 222 702 адам) және Қарағанды ​​(1 135 142 адам) облыстары бар.

Елде әйелдер саны ерлерге қарағанда басымырақ. Әйелдер - 10 280 498, ерлер - 9 815 465.