10 Қаңтар, 2015

Қауіпсіздік пен тыныштық күзетінде

1011 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Улан-2

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы,

генерал-лейтенант Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВПЕН әңгіме

Руслан Фатихұлы, алдымен Ұлттық ұланның жауынгерлік тарихына тоқталып өтсеңіз. – Тәуелсіздік алған күннен бас­тап Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді әрдайым бас­т­ы назарда ұстап келеді. Тіп­ті, еліміздің осы күнгі жеміс­ті жолының бастауы болып сана­латын «Қазақстан-2030» Стра­те­гиясында Мемлекет басшысы: «Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айырылып, егемендігіміздің негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ», – деп атап өткен болатын. Жаксылыков Руслан ген-лейтенант (4)-2Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назар­баев тәуелсіздік алған­нан кейінгі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жіті көңіл бөле отырып, егемен­дік декларациясы жария­ланғаннан кейін небәрі 26 күннен соң елімізде алғашқы күш құрылымы органы ретінде Ішкі әскерді құрғаны біз үшін мақтаныш және мемлекет тарапынан көрсетілген айрықша сенім деп білемін. Міне, біздің жауынгерлік тарихымыз да дәл сол 1992 жылғы 10 қаңтардан бас­тау алады. Сол кезден бас­тап Ішкі әскердің жеке құрамы ал­ға қойылған тапсырмаларды лайықты түрде орындап, жеке адам мен азаматтың конституциялық құқығын, қауіпсіздігін, қоғам құн­­дылықтарын, мемлекет тұрақ­тылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден қорғау жолын­дағы жауапты қызметіміз тек қана құқықтық шеңберде іске асып келеді. Еліміздің құқық қорғау органдары жүйесіне кіретін кешегі Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұлан жеке құрамы өздері жүріп өткен 23 жыл ішінде заман талаптарына сай толық, жан-жақты қалыптасып болды деп айтуға әбден негіз бар. Өткенсіз бүгін жоқ. Әскердің қалыптасуы жайлы сөз қозғай отырып, несін жасырайық, халқымызға қуаныш сыйлаған тәуелсіздікті иеленген кезімізде өтпелі кезеңнің уақыт­ша қиыншылықтарының құр­сауында қалғанымыз әлі есте. Эко­номикамыз қарыштап алға дамы­ған бүгінгідей берекелі кезең­де сондай жағдайлар болып еді десеңіз, бүгінгі жастар оған сенбейтін де шығар. Бас­қаны айтпағанның өзінде алғы шептегі әскери бөлімшелерде электр жарықтарының бірде болып, бірде болмаған да кездерін бас­тан өткіздік. Елге адал қызмет етіп, Отан қорғауды ең қастерлі қызмет санаған азаматтарымыз мұндай жағдайларға шыдамдылық пен төзімділік танытты. Олардың күнделікті қызметтік іс-әрекет­терін жүзеге асыруға қажетті бар­­лық ғи­ма­раттар бұзылмастан сол қал­пын­да сақталды. Тех­ника­лар мен қару-жарақтар да талан-таражға түскен жоқ. Ең бастысы, сарбаздарымыз­дың басы аман, бауыры бүтін бол­ды. Мемлекет тарапынан біз­ге ең алдымен талайы тағдыр­дың еншісіне сай бұрынғы Кеңес Одағынан қалған Өскемен, Кур­чатов және Степногор қала­ларындағы стратегиялық аса ма­ңыз­ды нысандарды күзету тапсырылды. Бұдан өзге көпте­ген түзеу мекемелері мен ел үшін маңыз­ды нысандардың қауіп­сіз­дігін қамтамасыз еттік. Бұл мін­деттерді де біз абыройлы атқара білдік. Сол кезде еліміздің әр түпкі­рін­дегі әскери бөлімдерде кәсіби мамандықтарын тереңнен игерген әскери қызметшілер көптеп қызмет атқарды. Одақ ыдыраған бойда, олардың басым көпшілігі өздерінің тарихи отанына қарай атбасын бұрды. Тіпті, ешкім күтпеген осы өткір мәселелерді де оңынан шеше білдік. Жоғары білімді запастағы офицерлерді шақырып, ішкі әскер саласына мамандандырып, білімін жетілдірдік. Олардың барлығы дерлік бүгіндері Ұлттық ұланның сапында абыройлы қызмет атқарып, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бір кісідей атсалысуда. Петропавл қаласындағы Ішкі әскер жоғары әскери училищесін Ішкі әскердің Әскери институты деп атауын өз­гертіп, келешектегі тағдырларын әскери өмірмен байланыстырғысы келетін жастарымызды қабыл­дадық. Ел мен жердің бүтін­дігін ойлаған әріптестерім сол кез­дегі қиыншылықтарға мойы­май, мемлеке­тіміздің тәуел­сіз ел атан­ғанына шынайы қуанған­дарына талай рет куә болдым. Елбасының салиқалы саясаты арқасында Ішкі әскерді сан-салалы жағынан дамыту мен жетілдіруге айрықша көңіл бөлінді. Міне, осылайша сындарлы сәттерден сүрінбей өттік. – Өткен жылы еліміздің Ішкі әскерлері Ұлттық ұлан ретін­де қайта құрылды. Бұл, сөз жоқ, мемлекет тарапынан жүк­телген зор сенім екені анық. Осы өзгерістер Ұлттық ұлан­ға қандай жаңа міндеттер жүктейді? Өздеріңізге белгілі, 2014 жыл­дың 21 сәуірінде Қазақстан Рес­­пуб­­ликасы Президентінің Жар­лығымен Ішкі әскер Ұлттық ұлан болып құрылды. Жалпы алғанда, бұл әр ведомствоны заман талабына сай жасақтау, жетілдіру үшін жасалатын қалыпты реформалық қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені, өмір бір орында тұр­ма­йды ғой. Өсу, өрлеу, өркендеу бар деген сияқты. Адамзатқа қауіп төн­­діретін лаңкестік, экстремизм мен се­паратизм сынды қатерлер­дің ел болып, жаһан болып кү­ре­­сетін, осы жолда бірігіп күш бірік­­тіруді қажет ететін жағдайға же­тіп отырғаны шындық. Әрі бұл қауіп-қатерлермен күресте же­ңіп шы­ғу үшін тек ұтқырлық, шебер­лік, кә­сіби біліктілік қана жасам­паз­­дық құрады, оған жайба­сарлық, білік­сіздік дегендер кереғар ұғымдар. Осыған орай, мемлекетіміздің тыныштығы, азаматтарымыздың қауіпсіздігі жолында күш-қуат органдарының әлеуетін арттыру, оларды жаңадан жасақтау қалыпты және қажетті жағдай деп білемін. Сонымен қатар, Ұлт­тық ұлан деген атаулы құры­лым­дар әлемдік тәжірибеде көп­теген шетелдерде де бар. Осы негіз­дерді есепке ала отырып, Ішкі әс­кердің заңды ізбасары ретін­де Ұлттық ұлан дүниеге келді. Нәтижесінде ведомствоға жүктелген міндеттемелердің аясы да кеңейді. Ілгері уақыттары елі­міздің құқық қорғау біртұтас жүйесіне кіретін Ішкі әскер құрамы мемлекеттегі құқықтық тәртіпті күзететін, стратегиялық маңызды нысандарды қорғайтын әскер күші ретінде қолданып келсе, соң­ғы өзгерістерге сәйкес төтенше жағ­дайлар кезінде де құтқару шараларын тікелей жүзеге асыратын құрылымға айналды. Тағы бір ерекшелігі Ұлттық ұлан­ның сапында арнайы жасақ­талған бітімгерлік әскери бөлімше де бар. Бұл бөлімше Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің жедел әрекет етуші күштерінің құрамына кіреді. «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері туралы» Заңға сәйкес біздің құрылымдық бөлімшелер тек елдің ішінде ғана жауынгерлік қызметті атқаруға міндеттелсе, енді Ұлттық ұлан ретінде бұл жағ­дай мүлдем өзгерді. Жоғарыда атап өткен бөлімше Қазақстан тарапынан халықаралық бітімгерлік міндеттемелерді атқаруға атса­лы­са­тын болады. Сондай-ақ, жаңа та­­лап­­тардың аясында Ұлт­тық ұлан жауынгерлері қажет кезең­де Ше­­кара қызметінің мемлекет­тік ше­­кара­ны күзету ісіне де көмек­тесе­­тін болады. Міне, осы­дан-ақ ұлан­­дықтарға артылған сенімнің айрық­­ша зор екенін көре аламыз. Ұлт­­тық ұлан жеке құрамы Елбасы мен ел сенімін абыроймен ақтай бермек. – Руслан Фатихұлы, бүгінгі қым-қуыт заманда жиі көрініс беріп отырған қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жеке құрамның ұдайы кәсіби біліктілігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру қажет екені анық. Енді осыған тоқталсаңыз. – Иә, дұрыс айтасыз. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының салмақты да салиқалы саясатының арқасында ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірер қатерлердің рес­публика аумағында пайда болуына айтарлықтай алғышарттар жоқ. Десек те, қазіргі заманғы бар­­лық қауіп-қатерлердің адамзат баласына ортақ екендігіне ешкім таласа алмайды. Ол бір адамның немесе бір мемлекеттің ғана басына төніп тұрмағандығын әлем жұртшылығы мойындады. Мұндай мәселелерді қашанда тынымсыз ізденіс, күш біріктіру, бір мәмілеге келу арқылы шешуге болады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бұл жөнінде: «Біздің заманымыздың ерекшелігі терроризмге қарсы белсенді күрес болып отыр. Әлемде терроршылардың айуандық әрекеттерінен қорғалған, сірә, бірде-бір мемлекет жоқ. Онда ешбір кінәсіз бейбіт азаматтар қаза табуда. Терроризмге қарсы күресте біз үшін өңірлік және халықаралық күш-жігерлерді шоғырландыру аса маңызды», – деп бүкіл адамзат қоғамына қатер төндіріп отырған бүгінгі күннің өткір мәселесін бар­лық бейбітшілік сүйгіш елдер­мен бірлесе шешуі қажеттігін ал­ға тартқан еді. Осы жағынан кел­генде, еліміз Орталық Азия өңі­ріндегі мемлекеттермен ынты­мақ­тас­тықты арттырып, оның ішін­де Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымы, Шанхай ынты­мақ­тас­тық ұйымы аясында толғақты мәсе­лелерге тереңірек мән беріп келеді. Елімізге нұқсан келтіретін кез келген қауіп-қатер түріне дайын болу, оған қарымды тойтарыс беру үшін Ұлттық ұланның басқару органының ықпалын көтеру, жеке құрамның техникалар мен қару-жарақтарды жетік меңгеруіне күш салу, сарбаздарды оқытып-тәрбиелеу, жауынгерлік дайындықты әрдайым биік дең­гейде ұстау айрықша назарда екендігін атап өткім келеді. Өйт­кені, әскери мамандардың кәсіби білік­тілігін үнемі жетілдіру – жинақы да ұтқыр, білікті де білім­ді армия құрудың кепілі. Бұл елі­міздің ұлттық мүдделерінің сенім­ді қорғалуына негіз болмақ. Өткен 2014 жылдың өзінде Ұлттық ұлан құрамалары есірткі, қару-жарақ трафигіне, лаңкестік ұйымдардың іс-әрекетіне қарсы тұру мақсатында еліміздің күш-қуат органдары, Қарулы Күштер­дің бөлімшелерімен, сондай-ақ, ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ шарттарының аясында көрші мем­лекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлескен дайындық жаттығу операцияларына қатысты. Тарқатып айтсақ, олардың 100-ге жуығы командалық-штабтық, 40 шақтысы жедел-тактикалық, 200-ден астамы штабтық және 80-нен астамы тактикалық арна­йы жаттығулар. Жалпы алған­да, осы күнге дейін біздің жауын­гер­лік бөлімшелердің банды құ­ра­маларын жою бойынша да нақ­ты арнайы міндеттерді ат­қару тәжірибемізде бар. Біздің бөлім­шелер бұл міндеттерді зор кәсіби тұрғыда атқара білді, ең бастысы, қарулы қақтығыстарда адам шығынына жол берген жоқ. Осының нәтижесінде арнайы бөлім­ше қызметінің құрамы мем­лекеттік наградаларға ұсыны­лып, марапаттарға ие болды. – Ел тыныштығын қамта­масыз ету де отансүйгіштік белгісі болып табылады емес пе? – Қазақ – жауынгер, намысшыл, елжанды халық. Ұлы Отан соғысы ұрыстарында Берлинге Жеңіс туын тікті. Кешегі Ауғанстан соғы­­сында да Отан алдындағы бо­­рыш­­тарын жанкештілікпен өте­ді. Ұлттық ұланның 17 сарбазы тәжік-ауған шекарасында мем­­­лекеттік міндеттерді атқару кезін­де ерлікпен қаза тапты. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, жылдар өткен сайын мәртебесі өсіп, айбындана түседі. Аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлері бүгінде Ұлттық ұланның сапында қызмет атқарып жүрген жауынгерлермен лайықты жалғасын табуда. Мәселен, өткен жылдары Ұлттық ұланның сапында жауынгерлік міндеттерін атқаруда адалдық танытып, қауіпті қылмыскермен күресте өз өмірлерін ажалға тігіп, ержүректікпен танылған жауынгер Ербол Отарбаев, кіші сержанттар Жандос Баянбаев, Ақылбек Қоңыров, қатардағы жауынгерлер Нұрасыл Мүбәраков пен Алтынбек Қабылбеков Елбасының қолынан жо­ғары мемлекеттік «Айбын» ор­дені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарын алған болатын. Міне, осының барлығы да Отан­ды шексіз сүюдің жарқын үлгісі болып табылады. Бұл азаматтарды ерлік жасауға итермелеген бой­ларын­дағы терең патриот­тық сезім. Ұлттық ұлан әскери-патриот­тық іс-шараларға да үлкен назар аударуда. Өткен жылды «Пат­риотизм мен кәсібилік – үздік қыз­мет негізі» деген ұранмен өткіз­дік. 2014 жылы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының бастамасымен жастарымыздың бойында отансүйгіштік сезімді мектеп қабырғасынан бастап оятуға арналған насихаттық шаралар 1 қыркүйек – Білім күнінен бас­тап қолға алынып, жер-жердегі орта білім ошақтарында осы күні тәрбиелік сабақтар өткізілгенін атап өткім келеді. Мұндай жұмыс­тар – патриоттық әндерге арналған гала-концерттер, флеш-мобтар, тағ­зым шаралары, тәрбиелік шара­лар әскер қатарында ұда­йы ұйымдастырылады. Ал­да­ғы уа­қытта да Елбасы тапсыр­ма­лары­ның аясында қызмет етіп, Қазақ­­станның озық елдер қатары­на қосылуына өз үлесімізді қоса беретін боламыз. Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».