Ауа райы • 04 Мамыр, 2024

Жел күшейіп, бұрқасын соғады: бүгінгі ауа райы болжамы

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жел күшейіп, бұрқасын соғады: бүгінгі ауа райы болжамы

фото: halyq-uni.kz

Синоптиктердің болжауынша, бүгін елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде республиканың шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша екпінді жел күшейеді, оңтүстікте бұрқасын болады, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде 3 градус аяз күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында 2 градус аяз сақталады.

Маңғыстаудың басым бөлігінде, батыста, солтүстікте, шығыста, Атырауда, батыста, оңтүстікте, Қызылорда облысының орталығында, Қарағандыда, батыста, Түркістанның солтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстігінде, Абай облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.