10 Қаңтар, 2015

Мемлекет басшысы мерейімізді көтерді

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
– дейді шығысқазақстандық ардагерлер Еліміздегі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыхалықтық бірегей акция барысында Аягөз ауданы мен Курчатов қаласының ардагерлеріне Елбасының жаңажылдық құттықтауы табыс етілді. IMG_9812_resize Курчатов қаласында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлы Отан соғысына қаты­сушы Василий Дубинамен кез­десіп, майдангерге Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құт­тықтау ашық хатын және жаңа­жылдық сыйлығын табыс етті. Василий Ду­бина Елбасыға ардагерлерді ардақ­таудағы ерекше ықыласы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Аягөз ауданына акция аясында арнайы барған облыс әкі­мінің орынбасары Дүйсенғазы Му­син Ұлы Отан соғысының арда­гері Салих Сабильяновтың үйі­не барып, қарияны құттықтады. Соғыс­тың басынан соңына дейін қатысқан 94 жастағы ардагер Ленин­град майданында болып, соғыста екі рет жара­­ланған екен. Осы ұрыстарда «Ле­­нинградты қорғағаны үшін» ме­да­­ліне ие болған. Елбасының ықы­ла­с­ына тәнті болған қария Мем­л­е­кет басшысының Ұлы Отан со­ғы­сы­ның 70 жылдығы қарса­ңын­дағы жаңа­жыл­дық құттықтауына алғысын айтты. Бұдан кейін Д.Мусин 92 жастағы ардагер Әбілкәрім Темірхановқа Ел­басы құттықтауын табыстады. Абай ауданындағы Архат ауы­лы­ның тумасы Ә. Темірханов 1941 жы­лы мектеп бітіргеннен кейін май­­дан даласына аттанған. Ұрыс­қа ор­талық майданнан кірген ол Липецк, Елец, Орал-Курск майданда­рына қатыса жүріп, 1945 жылы сәуір­­де Австрияны азат еткеннен ке­йін, Жеңіс күнін Альпі тауындағы Ма­рия­нель қаласында қарсы алыпты. Со­­ғыс кезіндегі ерліктері үшін І жә­­­не ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қы­­­зыл Жұлдыз» және Югославия үкі­­­ме­тінің «Партизан жұлдызы», «Курск және Орлов шайқасы» ор­ден­­дерімен және «Ерлігі үшін», «Ас­­тана» медальдарымен марапат­та­л­ған. Отставкаға 1972 жылы ғана шыққан. Елбасының құттықтау хатын алған қариялар шексіз ризашы­лықтарын жеткізе отырып, Қазақ­станның жылдан-жылға көркейе, гүлдене беруіне деген ақжарма тілектерін айтты, ақ баталарын берді. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы.