10 Қаңтар, 2015

Мәжіліс бюросы: күн тәртібі қаралды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мә­жіліс бюросы өтіп, жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырыстың күн тәр­тібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар талқысына бала­лардың денсаулығы мен дамуына зиянын тигізетін ақпараттан қорғауға қатысты заң жобасы, «Халық денсаулығы және ден­саулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске өзгерістер, сондай-ақ, зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелеріне байланысты жаңа енгізілімдер екінші оқылымда ұсынылмақ. Сонымен қатар, осы күні халық қалаулылары бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олардың қатарында Қазақстан мен Өзбекстан ара­сын­дағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді, Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойын­ша грант туралы келісімді, Еу­разиялық экономикалық ко­мис­сияның бәсекелестіктің бірың­ғай қағидаларының сақ­талуын бақылау жөніндегі өкі­лет­тіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялауға, сондай-ақ, қылмыстық-атқару заңнамасын  жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қатысты құжаттар бар.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55