Аймақтар • 07 Мамыр, 2024

Бурабайдағы оқушы өлімі: Оқиғаның қалай болғаны айтылды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабайға демалысқа барған мектеп оқушысы велосипедпен ағашқа соғылып көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.

Бурабайдағы оқушы өлімі: Оқиғаның қалай болғаны айтылды

Ақмола облысы ПД кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғанын растады. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Алдын ала анықталғандай, бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Соның салдарынан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, — деді ведомстводан.

Білім мекемесіндегілер оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

10 сыныпта оқитын 18 оқушы 5 мамырда сынып жетекшісі мен мектеп мұғалімінің жетекшілік етуімен ата-аналары жалдаған автобуспен Бурабайға барған. Алдын ала болжам бойынша олар велосипед жалға алған. Оқушылардың бірі велосипедті игере алмай, ағашқа соғылған. Сынып жектішісі дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған. Алайда алған ауыр жарақатынан оқушы көз жұмды.

Мектеп әкімшілігі бұл саяхатты ата-аналар комитеті мен сынып жетекші ұйымдастырғанын, басшылықпен келісілмегенін атап өтті.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.