Аймақтар • 09 Мамыр, 2024

Маралдыда рұқсатсыз жиын өткен

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-мамырда Күршім ауданының Маралды ауылында «Байтақ» партиясының өкілі мен бір топ адам алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсылық білдіріп, рұқсатсыз жиналыс өткізген, деп жазады Egemen.kz.

Маралдыда рұқсатсыз жиын өткен

Жиналыс аяқталғаннан кейін 100-ге жуық Маралды тұрғыны фабрика құрылысын тоқтату туралы бейнеүндеу түсіру үшін фабрика аумағына кірген. Кәсіпорын басшылығының мәліметі бойынша, олардың қызметкерлері дене жарақатын алып, сондай-ақ материалдық шығынға ұшыраған. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорын қызметкерлері мен күзетшілер ол аумақтан кетуге мәжбүр болған.

Полиция және СОБР қызметкерлері жиналғандарды құқықтық тәртіпті сақтауға шақырып, заңнаманы түсіндірді. Бұл ретте оларға күш қолданылмады.

Аталған факті бойынша ШҚО полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдан бері Маралды ауылында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Қорлар анықталғаннан кейін 2022 жылы алтын өндіру фабрикасын салу жобасы басталды.

Жобаны бейінді министрліктер мақұлдап, қоршаған орта үшін өндіріс қауіпсіздігі туралы қорытындылар берілген. Қоғамдық тыңдаулар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда түрлі сарапшылар жобаның экологиялық қауіпсіздігі туралы толық қорытынды берген.