Оқиға • 10 Мамыр, 2024

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолының бойында Ырғыз ауылы маңында екі көлік соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

фото: Ақтөбе облысының ПД

Қайғылы оқиға 9 мамырда болған. Самара-Шымкент тас жолында бір бағытта келе жатқан ВАЗ жеңіл көлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысты. Көлікте Ырғыз облысының тұрғындары болған, жүк көлігін шетелдік азамат басқарған.

«Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», деп хабарлады облыстық Жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Көліктегі екі - адам ерлі-зайыптылар. Екеуі де Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте жұмыс істеген. Бір жолаушы дене шынықтыру мұғалімі, екіншісі бастауыш сынып мұғалімі болған. Ал қайтыс болған үшінші адам – аудандық мәслихаттың депутаты, мал дәрігері.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-дәрігерлік құтқару бекеті мен №12 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен көлікте тұрып қалған екі адамды шығарды. Бір адам жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді, бірақ сағат бесте қайтыс болды.