16 Маусым, 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БОСҚЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША БҰҰ ЖОҒАРҒЫ КОМИССАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының “Босқындар туралы” Заңы ағымдағы жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Заңның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетіне жүктелген және Қазақстан Республикасындағы босқындар құқығы бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссары басқармасының (әрі қарай БҰҰ БЖКБ) аумақтық өкілдігімен бірлесіп атқарылуда. Көші-қон комитеті мен БҰҰ БЖКБ Қазақстанда жүр­ген барлық босқындарды қайта тіркеп, оларға Қа­зақ­стан билігіндегі мандатты беру жөніндегі мәсе­ле­лер­ді қарау тұрғысында жұмыс жүргізуде. Көші-қон бас­шылығы және БҰҰ БЖКБ Қазақстанда босқын ре­тін­де қорғау іздеп жүрген барлық адамдарды Көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінде кешеуіл­де­мей тіркелуге үндейді. Құқық қорғау органдары Көші-қон комитетімен және БҰҰ БЖКБ өкілдігімен өзара ты­ғыз әрекетте, босқын мәртебесіне үміткер тұлға­лар­дың көші-қон, еңбек заңнамаларын және Қазақстан Рес­публикасы “Босқындар туралы” Заңын бұзуға жол бер­меу мақсатында шұғыл ескерту шараларын жүргізіп отыр. Бұл тұрғыда тағы бір айта кетер жәйт, “Мигрант” жоспарлы операциясының шеңберінде 2010 жылдың 10 маусымында прокуратура органдарының және сот санкциясымен Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары қамауға алынған. Олар бұған дейін ауыр қылмыс жасағандары үшін іздеуде жүргендер екен. Олардың арасында Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, діни қызметкерлерге шабуыл жасап, кісі өлтіріп, қару қолданған деп айыпталған тұлғалар бар. Барлық қамауға алынған шетел азаматтары БҰҰ БЖКБ-ға өздерін босқындар деп тану жөніндегі арыздарын алдын-ала бергендіктен, “Босқындар туралы” ҚР Заңына сәйкес, Алматы қаласы бойынша Көші-қон департаментінде қайта тіркеу ресімінен өтті. Халықаралық нормаларға сәйкес қазіргі уақытта заңды тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл уақыт аралығында қамауға алынған тұлғаларға Қазақстан Республикасы “Босқындар туралы” Заңына сәйкес мәжбүрленген депортациядан қорғауға кепілдік беріледі. Х.А.ӘБІШЕВ, Көші-қон комитетінің төрағасы, Сабер АЗАМ, БҰҰ БЖКБ ҚР Өкілдігінің басшысы.