Татьяна Бурматова 1920 жылы Свердлов облысының Богданович қаласында дүниеге келіпті. 1941 жылы техникумда оқып жүрген жерінен әскер қатарына шақырылған. Содан соғыс басталады. №1725 зениттік артиллерия полкінде пулеметші болады. Соғыстан кейін телеграфист болып жұмыс істейді.
1949 жылдан бергі өмірі біздің елімізде жалғасып, екібастұздық атанады. Соғыс ардагері Татьяна Михайловна «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Жуырда 95 жасқа толған Татьяна әжейді қала әкімі Александр Вербняк мерейтойымен құттықтады. Иығына қазақы дәстүрмен оюлы әдемі қамзол жапты, ақшалай сыйлық пен гүл шоғын табыс етті. Соғысқа қатысып, батылдық пен қаһармандық көрсеткен ардагерге денсаулық тіледі.
– Отан соғысының 70 жылдық мерекесіне орай қаламызда тұратын 25 соғыс ардагерінің пәтерлеріне 18 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді қала әкімі өз сөзінде. – Ардагерлер Елбасы атынан және қала әкімінен жаңажылдық сыйлықтар алды.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы.

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Кеше
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Кеше
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Кеше
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Кеше
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Кеше