Фото: pixabay.com
Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болды. Мектеп оқушысы үйінде өзіне қол жұмсаған.
Шымкент білім басқармасының мәліметінше, бала есепте тұрмаған. Сыныптастарымен сөзге келмеген. Мектептегі оқу үлгерімі жақсы, белсенді болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.