Қазақстан • 14 Мамыр, 2024

Қазақстанда жол мамандарын даярлауға 1000 грант бөлінеді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін жүргізілген талдауға сәйкес, бүгінде жол саласында 1,5 мыңға жуық сертификатталған маман жетіспейді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жол мамандарын даярлауға 1000 грант бөлінеді

Фото:caravan.kz

Жол саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін биыл білікті жолшыларды даярлауға 1000-ға жуық мемлекеттік білім гранты бөлінеді.

Сонымен қатар «ҚазжолҒЗИ» АҚ өткен жылы жол саласы мамандарының «Жолшы» цифрлық банкін құрды. Мәліметтер базасында осы саланың барлық мамандары – ЖОО түлектерінен бастап, құрылыс, жобалау және жолдарды пайдалану саласында еңбек ететін ардагерлеріне дейін ақпарат бар. Цифрлық банк мамандардың біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болуы туралы ақпаратты көрсетеді. Бұл ретте жұмыс берушілер қажетті кадрларды таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі таңда мәліметтер базасын толықтыру және басқа мемлекеттік жүйелермен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп отыр. База жақын арада пайдалануға беріледі.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024