Қазақстан • 14 Мамыр, 2024

Өзбекстан мен Қазақстан арасында жаңа автобус бағыттары ашылады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі мәлім еткендей, 2024 жылы Өзбекстан мен Қазақстан қалалары арасында 10 жаңа халықаралық автобус бағытын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында жаңа автобус бағыттары ашылады

Фото: t.me/Mintrans_uz

Екі ел тасымалдаушылары келесі маршруттар бойынша рейс жасайтын болады: 

  • Самарқанд – Бішкек;
  • Бұхара – Бішкек;
  • Бұхара – Астана;
  • Самарқанд – Түркістан;
  • Бұхара – Түркістан;
  • Шахрисабз – Түркістан;
  • Самарқанд – Душанбе;
  • Бұхара – Душанбе;
  • Ташкент – Уфа;
  • Ташкент – Краснодар.

Ведомствоның соңғы мәліметі бойынша, Өзбекстаннан Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне 37 бағыт бойынша 32 отандық және шетелдік тасымалдаушылардың 196 автобусы қатынайды.

2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында халықаралық автобус бағыттарында 173 мың жолаушы тасымалданды. Көрсеткіштер 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті