Фото: ult.kz
15-16 мамыр аралығында елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу аясында екі күн бойы барлық өңірде өрттің алдын алу шаралары пысықталады.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Абай ауданында орналасқан.
Жиын барысында мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындық жүргізіледі.
«15 мамырда сағат 12:55-те оқу-жаттығу аясында Астана қаласынан басқа еліміздің барлық аймағында дабыл жүйесін сынақтан өткізу жоспарланып отыр», делінген ТЖМ хабарламасында.