Тағайындау • 15 Мамыр, 2024

Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» басшысы міндетін уақытша атқарады

856 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Асхат Хасеновті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетін күнге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы етіп тағайындады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» басшысы міндетін уақытша атқарады

Фото: Энергетика министрлігі

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай-газ өндіру цехында 3-разрядты оператор болып бастады. 2006–2010 жылдары «Мұнай-газ өнеркәсібі бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да техникалық реттеу бөлімінің жетекші маманынан бастап вице-президенттің басшылық лауазымына дейінгі қызметтерді атқарды.

Сонымен қатар 2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретіндегі қызметі үшін алғыс білдірді.