Ауа райы • 15 Мамыр, 2024

Ертең елдің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады

930 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 мамырға арналған ауа райы болжамын бөлісті. Мамандар еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Ертең елдің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады

фото: 24.kz

Метеорологтар оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ел өңірлерінің көп бөлігінде өз әсерін сақтайтынын нақтылады.

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел соғады. Тек еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар республикамыз бойынша желдің екпін алуы сынды ортақ табиғи құбылыс тән, түнде және таңертең солтүстік-батыста, еліміздің орталығында тұман болады.

«Жетісу облысында Алакөл ауданы аумағында секундына 30 метр және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі», деді синоптиктер.

Сондай-ақ түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны төмендеп, 2-3 градус суықты көрсетеді деп болжанады. 

Төтенше өрт қаупі Түркістан облысының шөлейтті аудандарында және Абай облысының Үржар ауданында сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35