Қоғам • 15 Мамыр, 2024

Қазақстандағы су тасқыны: жаңа тұрғын үйлер қашан пайдалануға беріледі?

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елдегі су тасқынынан кейінгі зардаптарды уақтылы жою мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан жедел штаб құрылды. Бүгінгі таңда 21 785 тұрғын үй су тасқынынан зардап шекті. Қарғын судан шеккен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерде тұрғын үйлерді салуды, жөндеу жұмыстарын және сатып алуды аяқтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы су тасқыны: жаңа тұрғын үйлер қашан пайдалануға беріледі?

Фото: gov.kz

Бүгінгі күнге дейін жергілікті әкімдіктер жүргізіп үлгерген техникалық қадағалау нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында комиссия 1 898 тұрғын үй объектілерін салу, жылжымайтын мүлік нарығында 4 059 тұрғын үй объектілерін сатып алу, 8 415 нысанды жөндеу туралы шешім қабылдады.

Атырау облысы – құрылыс, жөндеу жұмыстарын аяқтау және тұрғын үйлерді сатып алу мерзімі - 2024 жылғы қыркүйек.

Ақмола облысы – құрылыс, жөндеу жұмыстарының аяқталу және тұрғын үйлерді сатып алу мерзімі - 2024 жылғы қазан.

БҚО – құрылыс және жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі - 31 шілде, тұрғын үйлерді сатып алудың аяқталу мерзімі - 2024 жылғы 15 тамыз.

«Министрлік жедел шешуді талап ететін мәселелерде әдістемелік көмек көрсету проблемаларын талқылау бойынша өңірлермен тұрақты негізде кеңестер өткізіп жатыр. Әкімдіктердің ұсыныстары бойынша Үкіметтің кейбір шешімдеріне түзетулер енгізілді. Құрылыс-жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау үшін әрбір объектіде құрылыс жұмыстарының басталуын қамтамасыз ету үшін еңбек және материалдық (жабдық) ресурстарын жұмылдыруды және бригадаға 3 объектіден аспайтын мөлшерде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Еңбек ресурстарының бар-жоғын егжей-тегжейлі мониторингті Битрикс жүйесі арқылы да қадағалау жоспарланып отыр», делінген министрлік хабарламасында.