АСТАНА. 13 қаңтар. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Украина президенті Петр Порошенконың Қазақстанға ресми сапары жоспарланған. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
«2015 жылдың бірінші тоқсанында Украина президенті Петр Порошенконың Қазақстанға сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында экономикалық әріптестік бойынша мемлекетаралық комиссияның 12-ші отырысы өткізіледі. Болашақта авиақұрылыс және ғарышты зерттеу салаларында екіжақты ірі жобаларды іске асыру дайындалуда», – деп мәлімдеді Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник.
Оның айтуынша, Украинадағы жағдайды реттеу аясында Астанада Украина, Франция, Ресей және Германия басшыларының қатысуымен кездесу өткізіледі.
«Қазақстан тарапы мұндай кездесуді уақыты белгілі болысымен өткізуге келісімін беріп отыр. Бұл басқосуда, Украина президенті бірнеше рет атап өткендей, өткен жылдың қыркүйегінде қол жеткізілген Минск келісімдерінің толық орындалуын қамтамасыз ету қаралады. Сол келісім орындалуы тиіс», – деді Ю.Лазебник.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: nur.kz.
Сурет: tass.com.
• 13 Қаңтар, 2015
Украина президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Кеше
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Кеше
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Кеше
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Кеше
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Кеше